Алматыда кейбір көшелер уақытша жабылды

cover Фото: Orda.kz / Бек Байтас

Алматы полициясы көлік қозғалысын бөгеп жатқаны туралы хабарлады.

Олардың ұсынған мәліметінше, 19 қаңтарда қалада лаңкестікке қарсы операция жүргізіледі.

Мына аумақтарда көлік қозғалысы уақытша жабылды:

  • Абылай хан көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта;
  • Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта.

«Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз» делінген Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар