Алматыда бұрынғы сүйіктісі әйелге қастандық жасады
Алматыда бұрынғы ғашығы әйелге қатыгездікпен шабуыл жасаған. Ол әйелге бензин құйып, өртеген. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Facebook парақшасында жазды.
Оның айтуынша, 41 жастағы Индира ұзақ уақыт бойы бұрынғы сүйіктісінен зардап шеккен. Боприев – Ресей азаматы. Индира екеуі азаматтық некеде болған. Олар 2019 жылы ажырасады. Ал 2020 жылы ер адам оны соққыға жығып, қолын сындырады. Сот шешімі бойынша ол Қазақстаннан шығарылуы керек болды, алайда ол жасырынып жүрген.
20 желтоқсанда ер адам Индираның жұмысына келіп, оны өлтіремін деп қорқытқан. Индира полицияға қоңырау шалады, бірақ туыстарының айтуынша, полиция еш әрекет етпеген.
- 21 желтоқсанда Боприев дүкенге екі канистр бензинмен, тапанша және оттықпен келеді. Тапаншамен қорқытып, сатып алушыны дүкеннен қуып жіберді де, дүкенді іштен жауып алды. Ол айналаға, әпкеме бензин құйып, өртеп жіберді. Салдарынан жарылыс болып, терезелер мен есіктер сынды. Әпкемді дүкенге келген Бауыржан Әуелбеков атты сатып алушы құтқарып, аман алып қалды, – деді жәбірленушінің туысы.
Құтқарған таксист те жарақат алып, қолын күйік шалды. Шабуылдаған ер адам жалындаған ғимарат ішінде қалып, тірідей өртеніп кетті. Ал ауыр халдегі әйел ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ дүкен мен дәріхана жанып кетті.
- Дененің термиялық күйігі – 9%. Басы, қолы, аяғы күйді, Күйіктің 2% терең ауырлық дәрежеде. Әйелде жоғарғы тыныс жолдарының жеңіл күйігі, көз конъюнктивасының I дәрежелі күйігі анықталды. Қабылдау кезінде жағдайы ауыр болып, жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Бір тәуліктен кейін күйік шалу бөліміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа дәрежеде, – деп хабарлады Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Жаңалықтар
- Қазақстанда жаңа халықаралық рейс пайда болады
- Қызылордада екі бала балконнан құлап кетті
- Ауғанстандағы су тасқынынан 300 адам қаза тапты
- «Бишімбаев неше жылға сотталады?»: Сот алқабилерге қойылатын сұрақтарды оқыды
- Атырау облысында ауылға су кірді
- Варшавадағы ірі сауда орталығы өртке оранды
- Тарихта алғаш рет қазақ қызы Эверестке шықты
- Сергей Шойгу отставкаға жіберілді
- Хоккейшілеріміз 2024 жылғы әлем чемпионатының басында Францияны жеңді
- Армения мен Әзірбайжан сыртқы істер министрлері Алматыда екі күндік келіссөздерін аяқтады
- Шымбұлақ 13 мамырдан бастап аспалы жолдарды уақытша жабады
- Қазақстандағы жаңа мемлекеттік мекемеге шамамен 2 миллиард теңге жұмсалады
- Атырау облысында Жайықтың суы көтерілуде
- 12 мамыр елімізде Аналар күні мерекесі
- Қазақстан бірқатар елдермен ынтымақтастықты арттыруға ниетті
- Жайық өзеніндегі қатты ағыстан жеті адам құтқарылды
- Сәкен Мамаштың әйелі көп жылғы жан түршігерлік азаптың жай-жапсарын айтып берді
- Ежелгі Сарайшық қалашығын су басу қаупі төніп тұр
- Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
- Теледидарлар мен ноутбуктер айтарлықтай қымбаттады