Алматыда 7 см қар жауды: коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті
Фото: Алматы әкімдігі
16 ақпанда сағат 07:30-дан бастап Алматыда алдымен жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласты. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша қалаға 7 см қар жауды.
Қар тазалауға 483 арнайы техника мен 1180 жол жұмысшы шықты. 176 құм төсегіштің күшімен көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 1120 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.
"Сағат 12:00-ден бастап жол полициясы патрульдік машиналарының алып жүруімен 11 тізбекті қар тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Тротуарларды қардан тазартуға шағын көлемді 174 техника қатысты. Олар тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын және әлеуметтік маңызы бар нысандарға кіреберістерді қардан тазартып жатыр. Қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері қолмен тазартылуда. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды" деп хабарлады қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды