Алматыда 20 жастағы муай-тайдан әлем чемпионы қаза тапты

cover Фото: Instagram / titanclub

Алматыда 20 жастағы жігітті жанжал кезінде пышақтап кетті, деп хабарлайды Orda.kz

Жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Мәліметтерге сүйенсек, жігітті жанжал кезінде пышақтап кеткен. 

«20 жастағы жігітке адам өлтіру фактісі бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,  деп хабарлады полиция. 

Қылмыстық қару тәркіленді. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.

Алматыда қаза тапқан жас жігіт кәсіби кикбоксшы Әли Серік болып шықты.

Полиция мәліметінше, екі жігіт арасында жанжал шығып, ол пышақтасуға ұласқан. Спортшы оқиға орнында қаза тапты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, қылмыс қаруы тәркіленді.

Әли Серік кәсіби жекпе-жекте бар болғаны бір жарым жыл бұрын дебют жасап, танымал промоушендермен бірнеше келісімшартқа қол қойған. Қысқа мансабына қарамастан, ол болашағынан үміт күттірген спортшы ретінде көзге түскен.

Қазақстанның муай-тай федерациясы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты:

«Алматыдан қайғылы хабар жетті. Ересектер арасында муай-тайдан әлем чемпионы Әли Серікті бұзақылар өлтірді. Чемпионымыздың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз»

Спортшының өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанада полицей қыз биіктен құлап көз жұмғанын хабарлаған едік. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар