«Алматыбасжоспары», «Қазақтелеком» және жүздеген басқа мемлекеттік компанияларды жекешелендіру мен оңтайландыру күтіп тұр
Фото: Коллаж. QT
Мемлекет қатысатын жүздеген компания мен нарық субъектілерін оңтайландыру, жекешелендіру және акцияларын бастапқы жария түрде орналастыру (IPO) күтіп тұр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Либерализацияның маңызды бағыты – энергетика, көлік, телекоммуникация және басқа да негізгі салаларда белсенді монополиясыздандыру жүргізу. Осыған байланысты Мемлекеттік жекешелендіру ұлттық кеңсесі жұмыс істеп тұрған мемлекеттік компаниялар қызметін талдап, оңтайландыруға жататын 475 субъектіден тұратын тізім жасады», – деді Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, бұл тізім келесі өлшемдер бойынша жасалды:
Тауар нарығының теңгерімін, бәсекелестік ахуалды, жеке бизнестің үлесін және мемлекеттік реттеу саясатын бағалау;
Нарық субъектісінің құрылу мақсаттарына сәйкестігін, қаржылық-шаруашылық қызметін және инвестициялық тартымдылығын талдау.
«Сала бойынша мемлекеттің қатысуын қысқарту мынадай бағыттарда жүзеге асады: отын-энергетика кешені, өнеркәсіп пен индустрия, агроөнеркәсіп кешені, көлік пен байланыс, қаржы нарығы және т.б. Мысалы, құрылыс саласында «Түркістанбасжоспары» және «Шымкентбасжоспары» ЖШС-нің жобалау қызметтерін бәсекелі ортаға беру, «Алматыбасжоспары» және «Астанабасжоспары» ЖШС-нің қызметін қысқарту, сондай-ақ техникалық қадағалау қызметін атқаратын «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС-ін жекешелендіру қарастырылған», – деп нақтылады Үкімет басшысы.
Сондай-ақ, ол 2024 жылғы сәуірден бастап «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның жаңа инвестициялық жобаларды қарау және қаржыландыру шешімдерін қабылдау жөніндегі өкілеттіктері алынып тасталғанын айтты.
«Нарықтық жағдайды ескере отырып, бірқатар компанияларды IPO немесе SPO арқылы нарыққа шығару жоспарланып отыр. Алдағы жылдары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының келесі активтерін IPO/SPO-ға шығару қарастырылуда: «Қазақтелеком» АҚ (құрамында «Kcell» АҚ), «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ. Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздері мен су электр станцияларының активтерін біріктіріп, оларды «Qazaq Green Power PLC» атты жария компанияға шоғырландырып, оны 2029–2030 жылдары IPO-ға шығару көзделіп отыр», – деді премьер-министр.
Жалпы алғанда, оның айтуынша, оңтайландыру үш кезеңде жүргізіледі:
Жалпы, оның айтуынша, оңтайландыру үш кезеңде (2026 жыл, 2027-2028 жыл, 2029-2030 жылдар) нарық пен нысандардың дайындығына байланысты жүргізіледі.
«Аталған тізім Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары реформалар кеңесінің қарауына ұсынылады. Соның нәтижесінде 2026–2030 жылдарға арналған мемлекеттік мүлікті оңтайландырудың жаңа жоспары жасалады. Жоспарда әр субъектінің атауы, сату жылы және іске асыру тәсілі көрсетіледі. Сонымен қатар, мемлекет стратегиялық салаларда, тұрақсыз нарық жағдайында, халыққа әлеуметтік маңызды қызмет көрсететін ұйымдардың жауапкершілігіне қауіп төнгенде немесе технологиялық байланысты процестерді қамтамасыз ету қажеттілігі туындағанда өз қатысуын сақтап қалады. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес, монополияға қарсы орган жыл сайын мемлекет қатысының кәсіпкерлік ортада орындылығын талдап отыруы тиіс», – деп түсіндірді Олжас Бектенов.
Жаңалықтар
- Атырауда бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты
- Қазақстанда халықтың қанша пайызы кедей? Статистика жарияланды
- Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасына халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Иранның барлау министрі Исмаил Хатиб қаза болды
- ҚазТАГ басылымының басшысы Әсет Матаев ұсталды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Тоқаевтың бейбітшілік қажет деген пікірін қолдайды
- Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды
- Белгілі блогерлер Жанабыловтардың сотында куәгерлік етеді
- Грин-карта алу тәртібі өзгерді: Қазақстандықтар нені білу керек?
- Иранда «Росатом» қызметкерлері жұмыс істейтін АЭС аумағына снаряд құлады
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр
- Еркебұлан Тоқтарға шүйліккен өзбек файтері сотталды
- Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр