Алматы тауында жоғалған шетелдік табылды

cover

Іле Алатауынан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Қырғызстаннан келген туристті тапты.

Әйел Бутаковка шатқалына түсіп келе жатып аяғын жарақаттап алған.

«Таңғы сағат төртте Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар тобы жарақат алған әйелді тпты, оның аяғын үсік шалды деген күдік бар. РОСО құтқарушылары барлық қажетті көмек көрсетіп, зардап шегушіні шатқалдан түсірді» деп ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.


Құтқарушылар туристерді тауға жалғыз шықпауға, қалаға қайту уақыты туралы отбасы мен достарына міндетті түрде хабарлауға шақырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар