«Алматы Су» басшысының орынбасары мен Қызылорда облысындағы департаменттердің бірінің басшысы ұсталды
Фото: Антикор
«Алматы Су» кәсіпорны бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлайды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау және жүйелік кедергілерді жою бойынша жұмысты жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, «Бизнес жол» жобасы аясында биылғы жылдың басынан бері 43 проблемалық іс оң шешімін тауып, 5 мың кәсіпкердің құқығы қорғалған. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу, оның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралар қолданудың жолын кесу жұмыстары ерекше бақылауда. Осылайша, Алматы қалалық департаменті осы жұмыс аясында «Алматы Су» МКК бас директорының орынбасарын ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысымен әшкереледі» делінген хабарламада.
Антикордың айтуынша, «Алматы Су» басшысының орынбасары «жергілікті кәсіпкерден бұрын келісілген 345 миллион теңгенің 75 миллион теңгесін орындалған жұмыстардың актісіне қол қою және мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шарттар бойынша қаражатты төлеу үшін алған».
«Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы меценаттық және келісімшарт мерзімін ұзарту және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайтуға рұқсат бергені үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікпен ұстады. Күдіктілерге қатысты сот санкциясымен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасуда» деді ведомство.
Жаңалықтар
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен