Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі бар

cover Фото: Pexels

Құтқарушылар Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі барын ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті туристер мен жолаушыларды тауға шықпауға шақырады.

«Алматы облысының таулы аймақтарында 2025 жылдың 1 қаңтары мен 2 қаңтары аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын, туристер мен демалушыларды ықтимал қар көшкініне байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, абай болуға  шақырады», - деп ескертті Алматы облыстық ТЖД.

Ақпаратқа сәйкес, Алматы облысы аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінің бойында Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай өңірлерінде орналасқан 55 қар көшкіні қаупі бар аумақ бар.

«Негізінен қар көшкіні температураның жоғарылауы мен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның көп түсуінен болады»,  деп түсіндірді құтқарушылар.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар