Алматы облысында үш жасар қызды 300-ден астам адам іздестіріп жатыр

cover видео скрині

Бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен. 

Аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлауынша, полицияға кешке қыздың анасы хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды. Жалпыға қазіргі таңда 300-ге жуық адам жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі баланы іздеуге "Қазәуеқұтқару" тікұшағы тартылғанын хабарлады.


«Полицияға Күш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, оралмағанын жеткізді. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөлімінде тіркелді. Арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр»,  делінген аудандық әкімдік таратқан хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар