Алматы облысында полицейлер үйден күштеп шығару кезінде әйелдің қабырғасын сындырды
Threads әлеуметтік желісіндегі бейне скриншоты
Алматы облысындағы қарт адамды қатыгездікпен үйден шығаруға қатысты полиция тергеуі басталды, адвокат сот шешімі әлі шықпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысы Өтеген батыр кентінде зейнеткер әйелді полицейлер пәтерден күштеп шығарған. Видео кадрлардан екі полицейдің егде жастағы әйелді кіреберіс дәлізге сүйреп шығармақ болғаны байқалады. Бір сәтте олардың бірі әйелді қатты итеріп жібереді, салдарынан ол кеудесімен баспалдақтың темір тұтқасына соғылады.
Жазба авторының айтуынша, аудандық аурухана дәрігерлері зейнеткерді толық қабылдаудан бас тартып, тек ауырсынуды басатын екпемен шектелген. Кейін туыстары 77 жастағы Есбала Сиранованы қалалық жарақат пунктіне апарғанда, оған қабырғасы сынған деген диагнозы қойылды. Бұл факт медициналық анықтамамен расталған.
Алматы облыстық полиция департаменті оқиға орнында полицейлердің болғанын растады.
«Полицейлер сот шешімін орындау барысында қадағалау органдары мен сот орындаушыларымен бірге әрекет етті. Әйел мемлекеттік орган өкілдерінің заңды талабына бағынбаған, соның салдарынан жанжал туындаған. Сонымен қатар, полицейдің дөрекі әрекеті орынсыз болған. Бұл факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалды, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады», деп хабарлады полиция.
Алайда зейнеткердің адвокаты бұл оқиғаның мән-жайына қатысты басқа пікір айтады. Оның айтуынша, үйден шығару туралы соттың түпкілікті шешімі әлі күшіне енбеген, іс әлі қаралу үстінде. Кейуана даулы пәтерден немересіне жылы киімдер алып кету үшін алдын ала полицияны ескертіп, келген.
Әлеуметтік желілерде Алматы облысының полицейлері қарт әйелді пәтерден күштеп шығарып жібергені түсірілген бейнежазба тарап кетіп, желі пайдаланушылары арасында наразылық тудырған.
«Алматы облысының полиция қызметкерлері 77 жастағы әжесінің қабырғасын осылай сындырып, өз пәтерінен итеріп шығарады» деп жазылған бейнебаян астындағы сипаттамада.
Кадрда екі полиция қызметкерінің кейуананы кіреберістен сүйрелеп шығаруға тырысып жатқаны көрінеді. Бір сәтте олардың біреуі әйелді дөрекі түрде итеріп жібереді де, ол кеудесін есіктің темір тұтқасына соғады. Бейнеде оның ауырсынып, айқайлап жатқаны естіледі.
Зардап шеккен кейуананың туыстары қалаға жеткізген кезде, травматологиялық пунктте қабырғасы сынды деген диагноз қойылған, ол қоса берілген медициналық анықтамамен расталады.
Редакция осы оқиға туралы түсініктеме алу үшін Алматы облыстық полиция департаментіне жүгінді. Баспасөз қызметі жағдайды анықтап жатқанын хабарлады және ресми түсініктемені кейінірек беруге уәде берді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты