Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам көз жұмды
Фото: Бейнежазбадағы кадр
13 маусымда жеңіл автокөлік Өтеген батыр ауылындағы автобус аялдамасына соғылды. Жол апатынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысының полиция департаменті бұл жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады.
«BMW-323 автокөлігінің жүргізушісі Өтеген батыр ауылының Жансүгіров көшесінің бойымен келе жатып, көлікті басқара алмай жоғалтып, автобус аялдамасына соғылған. Жол апатынан бір жолаушы оқиға орнында тіл тартпай, көз жұмды. Жүргізуші есін жинап үлгерместен аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Тағы бір жолаушы әртүрлі жарақат алған. Қазір ол ауруханаға жатқызылды», деп мәлімдеді облыстық полиция басқармасы.
Еске сала кетсек, бұған дейін 12 маусымда Атырау облысында орналасқан Құлсары қаласында қоғамдық көлік жол апатына ұшыраған еді. Апаттан алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды