Алматы облысында балаларды азаптаған ер адам ұсталды

cover

Алматы облысы Жамбыл ауданында кішкентай балаларды азаптады деген күдікті ұсталды. 

Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция оның Алматы облысы Қарасай ауданында ұсталғанын хабарлады.

"Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етілмейді", - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданында төрт баланы ұрып-соғып, азаптаған еді. Желіде балаларды ересектердің тауып алған сәтінің видеосы тарады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар