Алматы облысында аяқпен нан илеген наубайхана жұмысшылары ұсталды

cover Коллаж Orda.kz

Алматы облысы Іле ауданында аяқпен нан илегендер ұсталды деген бейнежазба тарап кетті. 

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Instagram-да «аяқпен нан илегендер ұсталды» деген бейнежазба жарияланды. Бейнежазбада санитарлық талаптарға мүлде сай емес, лас орын және ваннада ашыған үлкен қамырды көруге болады.

«Қолдың өзін қарасаңдаршы» деп бейнежазбаға түсіріп тұрған адам наразылығын білдіргенде, бейнедегі ер адам «жуып-шаямыз ғой, тәте» деп жауап қатады. Ал еттің қайда екенін сұрағанда, «фарш жоқ, ет жоқ» деп барып, артынша «ет кафеде» деп жауап береді.

Желі қолданушыларының айтуынша бұл Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылындағы «Самал» кафесіне қарасты орын. Оның айтуынша, бұрын да олар аяқпен нан илеп жатқанда ұсталған екен. Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушылары базар маңындағы дәмханалардың да санитарлық талапқа сай емес екенін айтып наразылық білдірді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар