Алматы әуежайындағы кепілге алу ісі қайта тергеуге жіберілді
Фото: Orda.kz
Алматының Түрксіб аудандық сотында наурыз айында әуежай қызметкерін кепілге алған 67 жастағы Машрапбек Баратовтың ісі қосымша тергеуге жіберілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот отырысында судья Дастан Әлмағамбетов Алматы әуежайындағы кепілге алу ісін қайта тергеу үшін прокуратураға жіберу туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, айыпталушы Баратовты ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.
Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында айыпталушы өзінің бұрынғы түсініктемелерін ішінара өзгерткен болатын. Сотта ол кінәсін мойындағанымен, адамды кепілге алған кезде ешқандай талап қоймағанын мәлімдеді.
Осы жағдайдан кейін судья үзіліс жариялады. Себебі Қылмыстық кодексте кепілге алу қылмысының құрамы үшін айыпталушы нақты талап қоюы керек. Ал Баратов ондай талап қоймағанын айтқан. Осыған сүйене отырып, оның адвокаты қылмыстық құрамның жоқ екенін алға тартты.
Судья Дастан Әлмағамбетов істің қысқа мерзімде сотқа жетуіне айыпталушының кінәні толық мойындауы себеп болғанын айтты. Алайда енді айыпталушы ресми түрде кінәсін мойындаудан бас тартқан соң, іс қосымша тергеуге жолданды.
«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 192-бабының 6-бөлігіне сәйкес, егер айыпталушы өз кінәсін мойындамаса, қысқартылған тергеу жүргізуге болмайды. Тергеу құжаттарында Баратовтың ұшаққа кіруге рұқсат алу үшін адамды кепілге алғаны жазылған. Яғни, ол ұйымды белгілі бір әрекетке баруға мәжбүрлемек болған. Алайда сотта Баратов бұл айыпты жоққа шығарып, ешқандай талап қоймағанын, ұшаққа кіргізуді де сұрамағанын айтты. Сот отырысы барысында белгілі болғандай, тергеу органдары істің барлық мән-жайын жан-жақты зерттемеген. Сол себепті сот заңбұзушылықтарды түзету үшін істі прокурорға қайтарып, оны толық әрі әділ тергеуге тапсырылды», — деді судья Әлмағамбетов.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты