Аляскадағы келіссөздер: Путин мен Трамп Анкориджте кездесті
Фото: Ateo Breaking
Трамптың президенттік бортынан кейін РФ басшысының ұшағы Аляскаға қонды, деп хабарлайды Orda.kz.
Екі елдің басшылары бір мезгілде өз ұшақтарынан шықты.
Дональд Трамп Ресей Федерациясының басшысын қызыл кілемде қарсы алды. Президенттер жылы қол алысты. Қысқа әңгімелесуден және бірлескен фотосессиядан кейін олар бір автокөлікпен келіссөздерге аттанды.

Әуежайда журналистер Путинге «қатардағы азаматтарды өлтіру» қашан тоқтатылады және «оқ атуды тоқтатуға келісе ме» деген сұрақтар қойды. Алайда ол сұрақтар жауапсыз қалды.
Ресей мен АҚШ Президенттері Элмендорф-Ричардсон әскери базасында кездесті. Кездесудің қауіпсіздігін жүздеген күш құрылымдары, бронетехника мен мергендер қамтамасыз етті.
Делегациялар Трампқа Марко Рубио мен Стив Уиткофф қосылатын «үшке үшке» форматында келіссөздер жүргізеді. Ресей тарапынан Сергей Лавров пен Юрий Ушаков болады.
Кездесудің басты тақырыбы - «Бейбітшілікке ұмтылу» аясында Украинадағы қақтығысты реттеу туралы болды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты