Алдағы күндері Алматыда найзағай ойнап, Астанаға қар жауады

cover Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге — 14, 15 және 16 сәуірге арналған Астана мен Алматы қалаларының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.      

Қазақстанда қар жауып, - 8 градусқа дейінгі аяз болады. 

Астана қаласындағы ауа райы болжамы

14 сәуір — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде -1..+1°C, күндіз +12...+14°C.

15 сәуір — көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +8...+10°C.

16 сәуір — көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с, екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +2...+4°C.

Алматы қаласындағы ауа райы болжамы

14 сәуір — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік бағыттағы жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +21...+23°C.

15 сәуір — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +21...+23°C.

16 сәуір — бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Батыс желі 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +17...+19°C.

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның көп өңірінде бұлтты әрі салқын ауа райы болатынын хабарлаған. 

Солтүстік аймақтарда ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жаңбырдың қарға айналуы, көктайғақ болуы мүмкін.

Батыс өңірлерде 16 сәуірде оңтүстікте, 15–16 сәуірде солтүстік пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі. Ал 14 сәуірге қараған түні шығыста күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар