Алдағы үш күнде қазақстандықтарды аптап ыстық күтеді

cover

«Қазгидромет» РМК 8-10 шілде аралығына Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа-райы болжамын ұсынды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Нұр-Сұлтан

8 шілдеде көшпелі бұлт шығып, күндіз - жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 26-28 жылы.

9 шілде - көшпелі бұлт шығып, арасында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 22-24 жылы.

10 шілде - көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Арасында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 19-21 жылы болады.

Алматы

8 шілде - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 36-38.

9 шілде - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 36-38 градус ыстық.

10 шілде - көшпелі бұлт, күндіз - өткінші жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 34-36 градус ыстық.

Шымкент

8 шілде - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 40-42 градусқа жетеді.

9 шілде - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 38-40.

10 шілде - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 32-34 жылы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар