Алаяқтар Қазақстан Журналистер Одағына қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы жалған ақпарат таратып жатыр

cover Фото: ҚЖО әлеуметтік парақшасынан

Алаяқтар Қазақстан Журналистер Одағына (ҚЖО) қатысты тергеу жүргізілетіні туралы жалған ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар Қазақстан Журналистер одағы басшылығы атынан құқық қорғау органдары, атап айтқанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚЖО-ға қарсы жүргізіп жатқан тергеу туралы хабарламалар таратып жатыр» деп хабарлады бейсенбіде ҚЖО. 


Қазақстан Журналистер одағы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне шағымданған болатын.

«Алайда құқық қорғау органдары ешқандай көмек көрсете алмайтындарын айтты, өйткені  алаяқтар шетелден де әрекет етеді»  деп түсіндірді ҚЖО. 


Айта кету керек, мұндай жалған хабарламалар соңғы бірнеше айда министрліктер, әкімдіктер, құқық қорғау органдары басшылары атынан жиі жіберілген. Сондықтан мемлекеттік органдар, соның ішінде орталықтар да алаяқтарға сенбеуге шақыратын теріске шығаруларды үнемі жариялап отырады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар