Алаяқ қазақстандықтарға Канадада жалақысы жоғары жұмыс уәде еткен

cover Сурет ашық дереккөзден

Астана тұрғыны жас жігітке Канададан жұмыс тауып беремін деп алдап, ақшасын үптеп кеткен.

59 жастағы әйел алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, ол 24 жастағы астаналық тұрғынды Канадада жұмыс істеуге көмектесемін деп сендірді.

«Жәбірленушінің сеніміне кіріп, оны басқа елде  жұмысқа орналасуға көмектесетін байланыстары мен арналары бар деп сендіріп, көрсеткен қызметі үшін жас жігіттен 203 мың теңгені алғаны анықталды» делінген полиция хабарламасында.


Тергеу барысында полицейлер дәл осындай жолмен тағы 6 астаналық алданғанын анықтады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айтпақшы, қыркүйек айының соңында Тараздағы жергілікті компания Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген клиенттерді Ұлыбританияда жоғары жалақы алатын жұмысқа тартып жатқаны белгілі болды. Оның үстіне жұмысқа орналасу үшін шамамен миллион теңге төлеу керек болды.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар