Алғыс айту күні: қонағыңның алтынын алма, алғысын ал!
ydu.kz
Пандемия ел ішіндегі мейрамдар мен іс-шараларға өзінің кесірін тигізіп жатыр. Ендеше ол адамдарға алғыс айтуға бөгет жасай ала ма? Алғыс айту күні және оның осы жылы қалай аталып өтілетіндігі туралы ORDA анықтап білді.
Алғыс айту күні туралы бүкіл әлем біледі. Біле тұра барлығы бірдей тойламайды. Мейрам тек АҚШ пен Канадада атап өтіледі. Негізінен алғыс айту күні XVII ғасырда пайда болған. Мақсаты – қолыңда барға қанағат жасап, жақындарыңа рақметіңді айту.

Бұл мейрам осыдан бес жыл бұрын, 2016 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанға енгізілді.
Адамдар мейрамды бірден іліп әкетіп, бір-біріне жаппай алғыстарын білдірді. Алғашқыда мейрамның негізгі мақсатын халық дұрыс түсінбеді. Кейіннен алғыс айту күні 1 наурызға жәйдан-жәй қойылмағаны белгілі болды.

Ризашылық күнінде Қазақстан өзін қиын кезеңдерде миллиондаған иммигранттар қабылдаған қонақжай мемлекет ретінде танытады.
Көптеген тарихи оқиғалар республикада 17 діни ағымның қалыптасуына және 130 этносты бір ту астына жинауға себеп болды. ХХ ғасырда Қазақстанға Ресейден, Украинадан және Беларуссиядан бес миллионға жуық адам қоныстандырылды. Негізінен оның бәрі халықтың қалауымен емес, жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі болды. Қоныс аударушыларды қазақтың ашықтығы, қайырымдылығы, қонақжайлылығы мен достығы құтқарды.
Қазақтардың өздері де қиын тұрмыстық және экономикалық жағдайда болса да, адамдарды өз үйлерінде паналатты.

Не себепті 1 наурыз Алғыс айту күні болып бекітілді?
1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылған. Ол халықтар бірлігін қалыптастырып, оны сақтаушы қызметін атқарады.

1 наурыз өзге ұлт өкілдері қазақ халқының қонақжайлығына алғыс айту күні болса, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Екі мейрам да 130 ұлт өкілдерін тату өмір сүруге шақырады.
Біз – ынтымағы жарасқан керемет халық мекендейтін ғажайып елміз. Татулық пен келісімнің қазақстандық тәжірибесі негізінде біздің болашағы біртұтас ұлт қалыптасуда. Сондықтан, біз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурызды Алғыс айту күні ретінде әділ таңдадық. Бұл күнді айрықша қайырымдылық акцияларымен, мұқтаж жандар мен жақындарға қолдау көрсету арқылы атап өту маңызды.
Нұрсұлтан Назарбаев
Мейрам қалай атап өтіледі?
Америка мен Канада да алғыс айту күні түйетауық пісіріп, жақындарының ортасында атап өтіледі. Ал Қазақстанда мереке күні түрлі флешмобтар, концерттер, қойылымдар, кездесулер, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.
Бес жыл қатарынан осындай көрініс тапқан мерекеге пандемия қаншалықты әсер ететіні белгісіз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық