Ақылбек Мұратовты депортациялау мүмкін бе? Полиция белсендінің ұсталуына қатысты түсінік берді

cover

Жуырда белсенді Ақылбек Мұратовты ештеңе түсіндірместен ұстаған. Қазір оны Қазақстаннан Өзбекстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Orda.kz редакцияcы қарақалпақ белсендісі ұсталғаннан кейін полиция департаментіне хабарласып, түсінік беруін сұраған болатын.

"Алматы полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген және осы елдің полициясы іздеп жүрген Өзбекстан азаматы Ақылбек Мұратовты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. "Құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы" Минск конвенциясына сәйкес, Қазақстанның бас прокуратурасы Мұратовты экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр", - деп жауап берді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ақылбек Мұратовтың Қазақстанда тұрып жатқанына біраз жыл болды. Ол осы жылдар бойы қарақалпақ халқының, соның ішінде Өзбекстаннан босып кетуге мәжбүр болғандардың мәселесін белсенді түрде көтерді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар