Ақтөбеде жоғалған ағасын үйсіздер зиратынан тапқан тұрғын полицияны сотқа берді
Фото: жеке мұрағатынан
Ақтөбелік полицейлер марқұмның туыстарына хабарламай, оны үйсіздер зиратына жерледі. Тоғыз ай өтсе де, оның жеке заттары жақындарына қайтарылмаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті Аман Жақаевтың қайтыс болғаны туралы туыстарына хабарламады деп айыпталып отыр. Ер адамның денесі аты-жөні жазылмаған зиратқа жерленген. Анасы ұлының бейітін тек нөмір арқылы тапқанын айтты.
«Жазда балам саяжайға кеткен еді. Үйленбеген, анда-санда келіп тұратын. Үй жөндеумен айналысты. Осы жолы хабарсыз кетті. Қызым іздеді. Кейін жылап келіп, "ағам қайтыс болды" деді. 90 күн өткен соң ғана білдік, садақа бердік. Ұлымның бейітін атымен емес, нөмірмен таптық. Олар баламды таниды, қайда тұратынын біледі. Бірақ бізге айтпай жерлеп тастағаны ауыр тиді. Жоғалған малдың да сұрауы болады, ол – адам», – деді марқұмның анасы Айтуған Иманғалиева.


Аман Жақаев 2024 жылдың 26 маусымында көз жұмған. Туыстары оның қазасы туралы тек қыркүйекте, полиция департаментіне өздері іздеп барған соң ғана білген. Марқұмның қарындасы бұл істің жасырын қырлары бар деп күдіктенеді.
«Полиция қызметкерлері ағамның өлімі туралы неге хабарламағандарын түсіндіре алмады. Ол – адам. 2,5 ай ішінде үйге 20-30 рет келуге болар еді. Анам үнемі үйде. Хабарламағадарыкүмән тудырады», – деді марқұмның қарындасы Жанат Иманғалиева.
Марқұмның туыстары азаматтық сотқа арыз түсірді. Олар ішкі істер органдары уақтылы хабарламады, денені мәйітханада үш ай ұстады және оны үйсіздер зиратына жерледі деп айыптап отыр. Сонымен қатар, Полиция департаментінен 4 миллион теңге моральдық өтемақы талап етті.
Іс материалдарына сәйкес, Аман Жақаев 2019 жылдың наурызына дейін Алматы облысында тіркелген. 2019-2024 жылдары ресми мекенжайы болмаған. Полиция оның туыстарына хабар бермегендерін мойындады.
«2024 жылы Жақаевқа қатысты бірнеше әкімшілік іс қозғалған. Оның екеуі қарындасының арызы негізінде тіркелген. Полиция қызметкерлері оның қайда тұратынын біле тұра, хабарламаған. Осы үшін тәртіптік жазаға тартылды. Жедел уәкіл Нұрсұлтан Убанов пен аймақтық полиция инспекторы Мұрат Түгелбай қызметтерінен босатылды. Айтуған апай мен Жанатқа моральдық зиян келгенін түсінеміз. Қазақ дәстүрінде кез келген істің сұрауы бар. Бұл жағдайда заң бұзылып, тәртіп сақталмады. Қызметкерлер "туыстары жерлей алмайды" деп құжатқа қол қойдырып алған. Біз бұл азаматтарға моральдық зиян келтірмедік деп айтқаны дұрыс емес. Дегенмен, Полиция департаменті талап арыздағы кейбір мәліметтермен келіспейді», – деді полиция департаментінің заңгері.
Полиция марқұмның суға батып көз жұмғанын, қан құрамынан алкоголь табылғанын мәлімдеді. Талапкердің адвокаты Ғалымжан Акбаров сотта марқұмның жеке заттары әлі күнге дейін туыстарына қайтарылмағанын сұрады. Заңгер бұл сұраққа келесі сот отырысында жауап беретінін айтты.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі