Ақтөбеде адамдарды кепілге алған азамат 2 айға қамалды
Фото: freepik.com
Ақтөбеде адамдарды кепілге алып, екі адамның өліміне себепкер болған күдікті екі айға қамалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Тергеу соты санкция шығарды. Ал зардап шеккен әйел емін жалғастырып жатыр.
«Әйелдің жағдайы тұрақты, сауығып келеді. Науқаспен психологтар жұмыс істеп жатыр», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, Ақтөбеде 3 адамды кепілге алған ер адам ұсталды. Әйелдің ата-анасы алған жарақатынан мерт болды. 40 жастағы әйел есін жиды. Бірақ ата-анасының қазасы туралы әлі білмейді.
Мәліметтерге сүйенсек, ер адам әйелмен бірге тұрған. Сондықтан қылмыс болатын күні ол әйелдің ата-анасының үйіне оңай кіріп кеткен екен. Әйел ата-анасының үйінде тұрмаған, сол күні ол қонаққа барған. Күдікті үйге кіре салып, әйелдің 74 жастағы өгей әкесіне және 67 жастағы анасына пышақ жарақатын салған. Ер адам оларға жарақат салғаннан кейін, сүйіктісін басқа бөлмеге қамап, денесін пышақпен тілгілеп, ұрып-соққан. Бұл кезде әйелдің 17 жастағы ұлы үйде болмаған. Жігіт үйіне келгенде, қан іздерін көріп, дереу туыстарын көмекке шақырған. Ал олар полицияға хабарласқан.
Тәртіп сақшылары күдікті Б-мен үш сағат бойы келіссөз жүргізді, бірақ ол ешқандай талап қоймағандықтан және кепілге алынғандарды босатпағандықтан, үйге басып кіруге тура келген.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды