Ақтөбе облысында автобус жүргізушісі жолаушыларды бала-шағасымен қоса айдалаға тастап кеткен

cover Фото: gov.kz

Оқиға 17 наурыз күні Ақтөбе — Хромтау тас жолында болған. Рейстік автобустың жүргізушісі межелі жерге 5 шақырым қалғанда қалың тұманды сылтау қылып, жолаушыларды айдалада көліктен түсіріп, қайтадан қалаға кетіп қалған, деп хабарлайды Orda.kz.      

Үйлеріне бес шақырым қалғанда жолда қалғандар арасында кішкентай балалар да болған. Qala trans тасымалдаушы компаниясы бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жүргізуші бұл шешімді өз бетінше қабылдағанын айтты. Ол нұсқаулықтар мен қауіпсіздік талаптарын бұзған. Даладағы азынаған суыққа  қарамастан, жолаушыларды елді мекеннен тыс жерде түсіріп кеткен жүргізуші енді осы ісіне жауап беруі тиіс.

Тасымалдаушы компания жүргізушіні өз бетінше әрекет еткені үшін тәртіптік жазаға тартылатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар