Ақтаудың жаңа әкімі тағайындалды

cover

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының әкімі болып Әбілқайыр Байпақов тағайындалды.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа қала әкімі 1978 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Облыстың мемлекеттік органдарында, оның ішінде Ақтау қаласы әкімінің аппаратында басшылық қызметтерде болды. Түпқараған, Қарақия аудандарының басқармаларында қызмет атқарған, Баянды ауылының әкімі, «Каспий» ауыл шаруашылығы кәсіпорнында бөлім басқарған.

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін де атқарған ол, бүгінге дейін облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасын басқарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар