Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған ресейліктер еліне қайтты
Фото: Видеодан алынған кадр
Ақтаудағы ұшақ апатынан тірі қалған Ресей азаматтары еліне оралды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресейдің ТЖМ авиациясы апаттан зардап шеккен елінің 9 азаматын Ақтаудан Мәскеуге алып кетті.
Медициналық модульдері бар Ресей ТЖМ Ил-76 арнайы борт ұшағы апаттан зардап шеккен Ресей азаматтарын Мәскеуге жеткізу үшін Қазақстанға келген. Кеше, 25 желтоқсан күні кешке Ресей ұшағы Ақтауға келіп қонды.
«Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің нұсқауына сәйкес және Ресей ТЖМ басшысы Александр Куренковтың тапсырмасы бойынша арнайы борт Мәскеуден Ақтауға ұшып кетті», делінген Ресей басылымдарының бірінде.
Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев Ақтауда Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағы апатқа ұшыраған кезде Ресейдің жеті азаматы қаза тапқанын мәлімдеген.
«Ұшақта Ресей Федерациясынан 16 жолаушы болған. Жеті адам қаза тауып, тоғыз адам аман қалды», - деді Қарабаев.
Ақтаудан эвакуацияланған Ресей азаматтарының жағдайы ауыр.
Бұл туралы Ресей ТЖМ «Центроспас» отрядының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Виктор Белинский айтты.
«Бортта барлық зардап шеккендер бар. Олардың жағдайы ауыр. Оларды Мәскеуге эвакуациялау үшін бортта қажетті көмектің бәрі көрсетіледі», - деді ол.
Қазір Ақтау ауруханасында 20 науқас қалған.
«Қалған науқастар ем қабылдап жатыр. Жеті адам – реанимацияда, 12 адам – бөлімде, бір бала – балалар ауруханасында» - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім жетекшісі Жанар Сыдыққызы.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды