Ақтаудағы ұшақ апаты: Грозныйға жұмыс іздеп шыққан жолаушы

cover Фото: Report

Самир Дарвишов атты әзірбайжандық азамат Грозныйдан жұмыс іздеймін деп зұлмат рейс ұшағына отырған, деп хабарлайды Orda.kz.

Report агенттігінің мәліметінше,  Самир Дарвишовтың жағдайы қалыпты.

«Менің жағдайым тұрақты. Дәрігерлер бізге өте жақсы қарап жатыр. Мен барлық тексерулерден өттім. Қазақстанда да бізге қамқорлық көрсетілді, оларға үлкен рахмет», – деді ол.  


Зардап шегушінің айтуынша, ол Грозныйға әкесімен бірге ұшқан екен.

«Біз Грозныйға ағамызды көруге ұштық, мен сол жақтан жұмыс іздеймін деп жоспарлаған едім», – деді   Дарвишов.

Еске сала кетейік, AZAL әуе компаниясының Баку–Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы 25 желтоқсан күні Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақта болған 67 адамның 38-і қаза тауып, 29-ы аман қалды.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар