Ақтаудағы апат: Қайтыс болды деген жолаушылардың бірі тірі болып шықты

cover Фото: Видеодан алынған кадр

Баку-Грозный бағытында ұшқан ұшақ апатынан қаза тапты деген ер адам тірі болып шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 


Бұл туралы Әзірбайжандағы жергілікті басылымдар жарыса жазып жатыр. 

Ақтау маңында апат салдарынан қаза тапты деп есептелген Махир Жараевтың тірі екені белгілі болды. Ол Әзірбайжанның Закатал ауданындағы Даначи ауылының тұрғыны екен. 

Махир Жараев ауруханада отбасымен сөйлесіп, жағдайының жақсы екенін айтты. Оның отбасы үмітін үзген еді. Өйткені ер адам көз жұмғандардың тізіміне еніп кеткен. Әрі зардап шеккен жолаушымен туыстары байланысқа шыға алмаған.

Сонымен қатар апатқа ұшыраған ұшақ бортында Загатал ауданының 10 тұрғыны болған.





Жаңалықтар

барлық жаңалықтар