Ақтауда 6 жастағы қыз қайтыс болды
Фото: freepik.com
Ақтауда 6 жастағы қыз дене қызуының көтерілуі салдарынан көз жұмды. Марқұмның ата-анасы қызының өліміне дәрігерлерді айыптап отыр, деп хабарлайды Orda.kz Otpannews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтау тұрғыны Ислам Шыңғысов жедел жәрдем қызметкерлерінің тиісті ем-шара қолданбағаны салдарынан қызынан айырылып қалғанын айтады. Ислам Шыңғысов қызының денсаулығына салғырт қараған дәрігерлердің әрекетін айыптап, Қазақстан Республикасы президентіне мәселені бақылауға алуды өтінді.
«Түнгі сағат екіде ортаншы қызымның қызуы көтерілді. Әдеттегідей ибуфен дәрісін бердік. Осыдан кейін бала ұйықтап қалды, кешкі сағат 7 шамасында қызым оянып, су ішіп, өзін жақсы сезінген сияқты болды. Бірақ қызуы қайтадан 38-39 градусқа дейін көтерілді. Сағат ондар шамасында температура түспегендіктен жедел жәрдем шақыруға тура келді. Оларға балаларға укол салуға тыйым салынған көрінеді. Қызыма укол салмады, дәрі бермеді. Жедел жәрдем қызметкерлері баланы жай ғана құрғатып, ыстық түсіретін дәрі беруге кеңес беріп, кетіп қалды», - дейді марқұм қыздың әкесі.
6 жастағы қыздың қызуы түспеген. Керісінше жағдайы ауырлап, түсі өзгере бастаған.
«Олар кеткеннен кейін шамамен бір сағат өткен соң, қызымның денесі басынан аяғына дейін күлгін түске, содан кейін қызыл және көк түске ене бастады. Біз қорқып, қайтадан жедел жәрдем шақырдық, сол бригададағы екі жас жігіт қайта келді. Қызымның жағдайын көріп, оны ауруханаға апаруды ұйғарды, оны киіндіре бастағанда 16 желтоқсанда түнгі сағат 12-де қызымда құрысулар басталып, көз алдымызда айырылып қалдық. Жедел жәрдем қызметкерлерінде шұғыл жәрдем көрсететін құрал-жабдықтар, ауамен қамтамасыз ету аппараты жоқ, олар ештеңе білмейді. Олар бейнеқоңырау арқылы әріптестерімен сөйлесіп, не істеу керектігін сұрады. Содан кейін көмекке екінші топты шақырды. Олар көлікпен келем дегенше мен қызымнан айырылдым», - дейді ол.
Марқұмның әкесі президенттен жағдайды өз бақылауына алуын сұрады.
«Мен бұл істің жай жабыла салғанын қаламаймын. Біз денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын реттеп, түзетуіміз керек. Өйткені бүгінде жедел жәрдем қызметкерлері мүлдем тәжірибесіз жас мамандар. Бұлай болмауы керек. Неге укол салмайды? Балаларымыздың өміріне қимай, үнемдеудің қандай қажеті бар? Қасым Жомарт Кемелұлы, осы мәселені өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын», - деді Ислам Шыңғысов.
Жаңалықтар
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды