АҚШ-та Оксфордта шыққан тұңғыш қазақша-ағылшынша сөздіктің тұсауы кесілді

cover Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

АҚШ-тың Конгресс кітапханасында Oxford баспасынан шыққан тұңғыш қазақша-ағылшынша сөздіктің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Рәсімнің маңызды бөлігі «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы әзірлеген Оксфорд баспасынан шыққан тұңғыш қазақша-ағылшынша сөздіктің тұсаукесері болды. Ұйым президенті Рауан Кенжеханұлы сөздіктің қазақ тілін үйренгісі келетін студенттерге көмектесіп қана қоймай, оның әлемдік лингвистикалық қауымдастыққа енуін қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл қазақ тілін халықаралық аренада танымал ету және дамыту үшін жасалған маңызды қадам» делінген хабарламада.


Хабарланғандай, Республика күні қарсаңында Конгресс кітапханасында салтанатты шара өтіп, онда Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев мәдениет, тарих және әдеби мұраға арналған кітаптар жинағын сыйға тартты.

Конгресс кітапханасының өкілі Қазақстанға жасаған жомарт сыйы үшін ризашылығын білдіріп, бұл кітаптар Орталық Азия зерттеушілері үшін құнды дереккөз болатынын атап өтті.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар