АҚШ-та Мадуроға қатысты соттың алғашқы тыңдауы аяқталды
фото: Бейнежазбадан кадр
Нью-Йорктің федералдық сотында Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты іс бойынша алғашқы тыңдау өтті. Бұған дейін саясаткер мен оның әйелі тергеу изоляторынан сот ғимаратына жақын орналасқан ауданға жеткізілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Мадуро сот залына кісенсіз әкелінді. Ол сотта испан тілінде сөйледі, аудармашының көмегін пайдаланды. Өзіне және жұбайына тағылған айыптар оқылды. 25 беттен тұратын айыптау қорытындысына сәйкес, оларға есірткі мен қарудың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар, соның ішінде «наркотеррористік қастандық» айыбы тағылып отыр.
Істі 92 жастағы округтік судья Элвин Хеллерстайн қарайды. Ол бұған дейін де резонансты процестерге қатысқан, оның ішінде 11 қыркүйектегі теракт құрбандары отбасыларының талап-арыздары, Дональд Трамптың құжаттарды қолдан жасау ісі және Харви Вайнштейннің ісі бар.
Отырыста Николас Мадуро өз кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді:
«Мен кінәсізбін. Мен адал адаммын. Мен әлі де өз елімнің президентімін».
Силия Флорес те өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.
Мадуроның қорғау тарапы кепілмен босату туралы өтініш білдірмеді. Адвокаттар мұндай өтінішті кейінірек беруге болатынын айтты. Сонымен бірге Мадуро мен оның жұбайы заңда көзделген консулдық қызметкермен кездесуді талап етті, сот бұл талапты қанағаттандырды.
Тыңдау аяқталғаннан кейін судья Мадуро мен Флоресті қамауда қалдыру туралы шешім шығарып, келесі отырысты 17 наурызға белгіледі. Осылайша алғашқы сот талқылауы аяқталды. Sky News мәліметінше, саясаткер мен оның жұбайының адвокаттары қорғауындағы тұлғалардың денсаулығында кінәрат барын, оның ішінде Флорестің қабырғасы көгергенін хабарлаған.
Нью-Йорк орталығындағы сот ғимаратының маңында АҚШ-тың Венесуэладағы әрекеттеріне қарсы наразылық акциясы өтті.
Барлық алдыңғы оқиғалар жоғарыда келтірілген. Жақында Дональд Трамп Венесуэла оппозициясының басты символы Мария Корина Мачадоны қолдаудан бас тартты.
Жаңалықтар
- Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды
- ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды
- Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды
- Иранда өлім жазасына кесілгендер саны күрт артты
- Коронавирустың балаларға тез жұғатын жаңа штаммы пайда болды
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды