АҚШ пен Ұлыбритания Израильге шабуыл жасағаны үшін Иранға қарсы санкциялар салды
Фото: Reuters/ Evelyn Hockstein
Америка Құрама Штаттары Израильге соққы жасағаны үшін Иранда жеке және заңды тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар салды.
Бұл туралы Джо Байденнің Ақ үйдің сайтындағы мәлімдемесінде айтылған.
АҚШ санкциялар тізіміне 16 жеке тұлға мен екі компанияны қосты. Вашингтонның айтуынша, олар ұшқышсыз ұшатын аппараттарды өндіру мен таратуға қатысты.
«Одақтастарымызбен және серіктестерімізбен бірге біз Израильді қорғадық. Біз оларға бұл шабуылды тойтаруға көмектестік. Ал бүгін біз жаңа санкциялар мен экспорттық бақылау енгізіп жатырмыз»,- деді Байден мәлімдемесінде.
Иранның микроэлектроникаға қол жеткізуін шектеу үшін де бақылаулар енгізілді.
Өз кезегінде Ұлыбритания үкіметінің веб-сайты корольдік санкцияларға «Иранға аймақта тұрақсыздандыру әрекеттерін жүргізуге рұқсат берген» жеті жеке және алты заңды тұлғаны қосқаны туралы хабарлайды.
Байден АҚШ-тың барлық серіктестері мен одақтастары Иранның тұрақсыздандыратын әскери бағдарламаларын шектеу үшін қосымша шаралар енгізгенін немесе болашақта енгізетінін айтты.
Жаңалықтар
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен