Ақмолада 7 сынып оқушысы туған әкесін пышақтап өлтірді

cover Фото: Elements.envato.com

2024 жылғы 27 желтоқсанда Ақмола облысының Макинск қаласында түнде 12 жастағы ұл бала әкесімен жанжалдасып, оны пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz  жергілікті БАҚ «Nayza Kokshe»-ге сілтеме жасап.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, түнде кезекші бөлімге жедел жәрдем фельдшері хабарлап, «пышақ жарақатынан мерт болған адамның денесі табылғаны» туралы ақпарат берген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әке мен бала арасында жанжал болғанын анықтады.

«Әкесі 1977 жылғы, мас келіп, ұлын бірнеше рет басынан ұрған, сонда бала әкесіне екі пышақ жарақатын салған. Соның біреуі кеуде қуысына тиген», деп мәлімдеді полиция басқармасы.

Жарақаттан ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

Полиция мәліметіне сүйенсек, «марқұм жол жөндеу мекемесінде жүргізуші болып жұмыс істеген және сол күні жаңа жылдық корпоративтен үйіне оралған».

Қылмысқа күдікті – жергілікті Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы. Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарасақ, отбасы ажырасқан, соның өзінде бірге тұрған. Ал оқушы еш жерде есепте тұрмаған, бірақ қалада түнде жүріп, тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылған кезі болған.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Макинск қаласының тұрғыны мен оның 2012 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы арасындағы жанжалдан соң, ұлы әкесіне пышақ сұғып, содан ер адам оқиға орнында қайтыс болды»,  деп мәлімдеді полиция басқармасы. 

Қазіргі уақытта тергеу ісі жүріп жатыр.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар