Ақмарал Әлназарова Үржардағы жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайын білуге келді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылындағы көлік апатынан аман қалған балалардың жай-күйін білуге келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Шұғыл түрде ұшақпен елордаға жеткізілген 9 және 6 жастағы балалар ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Олар Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылған.
Министр мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы балалардың жағдайын білгеннен кейін, олардың анасымен сөйлесті. Дәрігерлер барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанын айтты.
Ал жол апатынан зардап шеккен 9 жастағы қыз жағдайының ауырлығына байланысты Астанаға келмеді. Ол жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Астанадан келген дәрігерлер бірнеше күрделі операция жасағанымен, әлі өзгеріс жоқ.
Айта кетейік, 19 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Бестерек ауылында 55 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының жанында, жолдан шамамен 10 метр қашықтықта тұрған балаларды қағып кеткен еді. Апаттан оқиға орнында 3 бала көз жұмды.
Жаңалықтар
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен