Ақмарал Әлназарова медицинаның кем-кетігін айтты
Фото: Ашық дереккөзден
Министр медициналық ұйымдарда кредиторлық берешек бола тұра сыйақы төленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Жамбыл облысында 758,1 млн теңге қаражатқа қалалық көпбейінді ауруханада қаражатты жымқыру фактісі анықталған. "СҚ-Фармация" алдында дәрілік заттар үшін төлеуге арналған қаражат орындалған жұмыс актілерінсіз заңды тұлғаға аударылған», - деді министр Мәжілісте өткен комитет отырысында.
Осыдан кейін Денсаулық Сақтау Министрі еңбекке ақы төлеу қорының негізсіз төлемдеріне де тоқталды.
«Кредиторлық берешек бола тұра сыйақы төлеу және 694 млн теңге көлеміндегі лауазымдық айлықтарды ұлғайту фактілері анықталды. Мысалы, Алматы қаласының бірінші көпбейінді ауруханасының бөлімше меңгерушісінің жалақысы 357 мың теңге болғанда 11 ай үшін 15 млн теңге төленді. Сондай-ақ, аға мейірбике жалақысы 185 мың теңге болған кезінде 7 млн теңге қаржыдан төленді. Жамбыл облысының қалалық көпбейінді ауруханасының кредиторлық берешегі бола тұрып, 391 млн теңгеге сыйақы төлеген», - деп жалғастырды ол.
Оның сөзінше, аталған деректер Антикор күшімен анықталған.
«Жетісу облысында бас дәрігерлер мен есепшілерге 389 млн теңге қаржыға ынталандыру үстемелері заңсыз төленген. СҚО, Павлодар облысында және Астана қаласында 332,9 млн теңге көлеміндегі қаржы жымқыру фактілері де анықталды. Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінде бас бухгалтер басқа біреудің деректерін енгізу арқылы өз шотына 341 млн теңге аударған. Осындай жағдай Абай және Маңғыстау облыстарында да болған. Атырау облысында емхананың бас дәрігері 171 млн теңге жымқырған. Бұл тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапына іріктеп тексеру жүргізгеннің нәтижесінде белгілі болды. Олар бойынша негізсіз төлемдер бүгінде 1,3 млрд теңге болады», - деді ДСМ басшысы.
Құқық қорғау органдарына медициналық қызметкерлерге қатысты 16 материал жіберілген.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты