Айыпталған судья Светлана Жолманова сот залына келуден тағы да бас тартты

cover Фото: Orda.kz

Алаяқтық жасады деп айыпталған Светлана Жолманова тағы да тергеу изоляторынан шығудан бас тартты. Сот ісін оның қатысуынсыз өтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы судья Светлана Жолманова сот отырысына тағы да келмеді. Іс Алматы қаласындағы Медеу ауданының №2 сотында қаралып жатыр. Айыпталушы тергеу изоляторынан шығудан бас тартқан.

Судья Қанат Арынов істі оның қатысуынсыз жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Сот отырысы бұған дейін бес рет кейінге шегерілген. Жолманова келмей қойған, оның неге бас тартқаны белгісіз.

Экс-судья 48 эпизод бойынша алаяқтық жасады деп айыпталып жатыр. Тергеу болжамынша, бұл аса ірі көлемдегі ұрлық фактілері.

Бұған дейін редакциямызға Жолманова қол қойған 700 мың доллар қарыз алғаны туралы қолхат түскен болатын. Сонымен қатар, сотталушының дауысына ұқсас әйел адамның түрлі сот істерін «шешу» жайлы сөйлескен аудиожазбалары да бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар