«АЭС туралы жиындағы жанжал»: Балқашқа қауіп төніп тұр ма?
Фото: Orda.kz
Алматыда атом электр станциясының (АЭС) құрылысы бойынша өткен талқылау жиынында жанжал шықты.
Orda.kz тілшісінің хабарлауыншы, жиынға қатысушылар талқылау барысына наразы болып, дау тудырды. Жобаға сын айтатын мамандарға сөз беруді талап етті. Олардың сөзінше тек АЭС салу бойынша үгіт-насихат жүргізіліп жатыр.
Даудан соң ақыры микрафонды қолына алған KEGOC-тың бұрынғы басшысы Әсет Наурызбаев сөз сөйледі. Ол АЭС салмай, басқа жол қарастыруға болатынын айтып, бұл құрылыстан туындайтын үш негізгі мәселені атап өтті:
- Радиоактивті қалдықтарды болашақ ұрпаққа қалдыру арқылы қиындық тудыру;
- АЭС жарылған жағдайда Балқаш көлінен айырылу қаупі;
- Қазақстанның шетелдік технологиялар мен станцияны басқаруға тәуелді болып қалуы сияқты мәселелер.
АЭС құрылысына қарсы топ ішінен кимешек киген егде жастағы әйел алдыңғы қатардан орын алу үшін алысып жүріп, сол орынға жайғасты. Кимешек киген егде жастағы әйел «неге микрофонды бермейсіңдер?» деп талап еткен бодатын.
Ақыры дау кезінде эколог Мэлс Елеусізов сөз сөйледі. Ол бұл жиналысты АЭС құрылысын қолдау мақсатында жүргізілген насихат деп атап, жоба экологиялық апатқа әкеліп, Балқаш көлінің құруына себеп болуы мүмкін екенін ескертті. Жиналыстағы жағдай ушығып, АЭС құрылысына қарсы топ жобаға тоқтау салуды талап етіп, ұрандата бастады.
Қақтығыс болмас үшін жиынға тәртіп сақшылары келіп бақылап тұрды.
Алда Orda.kz өтіп жатқан АЭС құрылысы туралы талқылау өтіп жатқан жиыннан хабар беріп отырады.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды