Әйелді баспалдақтан итерген Амантай қажы 2 жылға сотталуы мүмкін
Фото: Бейнеден кадр
Президенттікке үміткер болған антиядролық қозғалыстың белсендісі Амантай қажы бір әйелді баспалдақтан итеріп, ауыр жарақаттағаны үшін 2 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Оқиға 4 шілде күні «Динамо» спорт кешені аумағында болған. Жәбірленушіге ота жасалған. Әйелдің жамбас сүйегі бірнеше жерден сынған.
Алматы қалалық полиция департаменті Амантай қажының жазасына қатысты ресми сауалға жауап берді.
«Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 107-бабы «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс шеңберінде кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Солардың нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады Алматы ПД.
Бұл бапқа сәйкес, қоғам белсендісінің кінәсі дәлелденген жағдайда, заңда 1 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (2025 жылы бұл шамамен 3 932 000 теңге) айыппұл салу, не түзету жұмыстарына тарту, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа міндеттеу, не болмаса екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Айта кетейік, бұған дейін оқиғаның қалай болғанын жәбірленушінің қызы айтып берген еді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты