Аятолла Хаменеи соғыстан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты
Фото: wikkimedia common
Иранның Жоғарғы рухани көшбасшысы аятолла Али Хаменеи Израильмен соғыс басталғалы бері алғаш рет жұрт алдына шықты, деп жазады Orda.kz.
IRNA агенттігінің ақпараты бойынша, аятолла Тегерандағы имам Хомейни есімімен аталатын хусейнияда имам Хусейннің шәһид болғанын еске алуға арналған діни рәсімге қатысты.
«Аятолла Хаменеи имам Хусейннің шәһид болғанын еске алуға арналған аза рәсіміне жиналған жұрт алдына шықты», – делінген ресми хабарламада.
Израильмен қақтығыс басталғаннан бері Хаменеи 25 күн бойы жұрт алдына шықпаған. Осы уақыт ішінде ол тек екі бейнеүндеу арқылы халыққа жолықты. Бұл – діни шараларды ешқашан қалт жібермейтін Жоғарғы көшбасшы үшін тосын жағдай.
Ел ішінде оның денсаулығына қатысты түрлі қауесет тарады. Кейбір ақпарат құралдары билік оның орнына лайық мұрагер іздей бастады деп жазған. Алайда Bild басылымы сілтеме жасаған сарапшылар аятолланың қауіпсіздік мақсатында бункерде жасырын отырғанын жоққа шығармайды.
Маусым айының басында Хаменеи АҚШ-ты Иран ісіне араласпауға шақырып, Тегеранның «жауапты шабуыл» жоспары дайын екенін айтты.
Жаңалықтар
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды