«Аяғын дәретхана қағазымен ораған»: Петропавлда тұтқын өзін-өзі өртеп жіберді
Фото: freepik.com
Петропавл қаласының тергеу изоляторында сотталушы өзін-өзі өртеді, деп хабарлайды Orda.kz.
11 маусым күні 19:00 шамасында 37 жастағы ер адам аяғына дәретхана қағазын орап, оны өртеген. Тұтқын көпсалалы қалалық ауруханаға дереу жеткізілді. Оның екі жамбасы мен аяғын екінші дәрежелі күйік шалды.
Ер адамның неліктен мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз. СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кісі өлтірді деген күдіктінің Петропавл тергеу изоляторында өзін өртемек болғанын растады. ҚАЖД жақын арада болған оқиғаға түсініктеме беруге уәде берді.
Тұтқынның бұрын да сотталғаны белгілі болды. Ал қазір ол ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша жауапқа тартылып жатыр екен.
Айта кетейік, мамыр айында Атырауда тергеу изоляторында аузын тіккен сотталушы тамырын кесіп тастаған еді.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды