Аягөзде балалар үйінің тәрбиешісі жасөспірімге қол жұмсаған

cover

Аягөз қаласында балалар үйінің тәрбиешісі 15 жасар жасөспірімге қол жұмсап, салдарынан бала дене жараққатын алған.

Балабақшада орын алған жағдай туралы Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету ортылығының директоры Шолпан Мақашева хабарлаған. Орталық басшысы 2006 жылы туған баланың беті мен мойнынан соққы іздері байқалғанын, артынша мекемеде орналастырылған бақылау бейнекамераларының тексерілгендігін айтты. Бейнекамерадағы жазбадан тәрбиешінің балаға қол жұмсағандығы анықиалған.  

- Бұл мекеме тәрбиеленушілерінің қамқоршысы менмін. Сондықтан да, қатыгездік көрсету жағдайына байланысты арыз түсіріп отырмын, - дейді Шолпан Мақашева.

Бүгінгі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде. Іс аудан әкімдігі мен прокуратураға жөнелтілген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 2 тармағы, 140 бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша қарастырылып жатыр. Сот ісінің тексеру жұмыстарына қатысты құпиялылық сақталған. Күдіктінің жауапқа тартылу мәселесі әлі де шешілмеген. Істі Шығыс Қазақстан прокуратурасы өз бақылауына алған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар