Қай өңірлерге қысқы мал азығына қосымша субсидия беріледі
Жыл басынан бері мемлекет бұл мақсаттарға 11,7 млрд теңге жұмсауды жоспарлаған. Алайда құрғақшылық салдарынан егіннің күйіп кетуіне байланысты үкіметтен қосымша қаржы қарастырылды.
Жыл басынан бері берілген 11,7 млрд теңге жемшөпке берілген субсидия көлеміне қосымша Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстары әкімдіктеріне қосымша 10,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы азық-түлікпен қамтамасыз ету және жедел ден қою мәселелерін шешуді үйлестіру жөніндегі жедел штабтың отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері бойынша республика бойынша шөп дайындау 20,7 млн тоннаны немесе жоспарланған көлемнің 82,7 пайызына жетті.
Шөп қоры бойынша Түркістан (100,9%), Қостанай (100,0%), Жамбыл (97,2%), Солтүстік Қазақстан (93,1%) және Ақмола (92,7%) облыстары көш бастап тұр.
Республикалық деңгейден айтарлықтай төмен көрсеткіштер Павлодар (38,1%), Шығыс Қазақстан (57,2%), Атырау (57,9%), Батыс Қазақстан (58,8%) және Абай облыстарында сақталуда.
Ұлытау облысы әкімдігіне мал азығына бөлінген арзандатылған дизель отынының құнын төлеу және көлемін таңдау бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Павлодар облысы әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысымен жасалған меморандум аясында сабан мен жем-шөп жинау жұмыстарын жандандыруы қажет.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты