Air Astana басшысының жұбайы туыстарына жеңілдікпен билеттер алған
Фото: әлеуметтік желіден
FlyArystan компаниясының бұрынғы қызметкері Ренат Әбілзановтың қорғау тарапы Air Astana топ-менеджерлерінің туыстарына жеңілдетілген әуе билеттері сатылғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, билеттер басшылықтың нұсқауымен рәсімделген, оның ішінде әуе компаниясының басшысы Питер Фостердің жұбайына да жеңілдетілген бағадағы билеттер берілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық іс 2024 жылдың соңында Air Astana кассасында 1 миллиард теңгеден астам қаражаттың жетіспеушілігі анықталғаннан кейін қозғалған. Аудиторлық тексеруден кейін компания құқық қорғау органдарына жүгінген.
Іс бойынша үш адам айыпталуда: табыстарды есепке алу жөніндегі менеджер Еркін Исанов, сату менеджері Дәуір Еркенұлы және FlyArystan табыстарды басқару департаментінің экс-директоры Ренат Әбілханов. Олардың барлығы сот алдында жауап беріп жатыр.
Жуырда Әбілханов ашық үндеу жариялап, жеңілдетілген билеттер шенеуніктер мен журналистерге де берілгенін мәлімдеді. Дәлел ретінде қорғау тарапы хат алмасулардың скриншоттарын, соның ішінде Татьяна Фостермен жазысқан хабарламаларды да жариялады.









Сонымен қатар, «Air Astana» АҚ-ның үкіметтік байланыстар жөніндегі атқарушы директоры тарапынан жіберілген сұраныстар туралы да айтылды.
Air Astana компаниясы сот үкімі шыққанға дейін сот процесінің материалдарына қатысты пікір білдіре алмайтынын хабарлады. Әбілхановқа мүлкін тәркілеумен бірге 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Бас көлік прокуратурасы Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларына тексеріс тағайындады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, прокуратура екі авиатасымалдаушының қызметін тексеру үшін Азаматтық авиация комитетіне ресми талап жолдады.
Питер Фостер — британдық авиация менеджері, 2005 жылдан бері Air Astana компаниясында жетекші қызметтер атқарып келеді. 2022 жылғы дағдарыс кезінде Фостер Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау процесін жеке өзі үйлестірді. 2026 жылдың наурыз айының соңында ол бас атқарушы директор қызметі мен директорлар кеңесіндегі мүшеліктен кетті. Алайда, компанияда директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде қалады. Оның орнына 2017 жылдан бері қаржы директоры қызметін атқарып келе жатқан әрі 2003 жылдан бастап компания құрамында жұмыс істейтін Ибрахим Жанлыел тағайындалады.
Айта кетейік, Алматы облысында болған жол апатынан тағы бір үндістандық студент көз жұмды.
Жаңалықтар
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды
- Полициядан қашқан: Астаналық мектеп оқушысы жүк пойызының төбесінен құлап кетті
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр