Әбіләзовтің ҚХА сессиясында референдум өтеді дегені рас па?

cover Фото: assembly.kz

Әлеуметтік желіде Қазақстан халқы Ассамблеясында сессия өткізу жайлы ақпарат тарады. Алайда ҚХА төрағасының орынбасары бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.

ҚХА төрағасының орынбасары бұл ақпаратты жоққа шығарып, оны арандатушылық деп атады.

«Мен Ассамблеяның алдағы сессиясын және оның 30 жылдығын дайындау ісіне тікелей қатысамын. Сондықтан мұндай мәселе тіпті талқыланбайды деп сенімді түрде айта аламын. Ассамблеяда мұндай өкілеттіктер ешқашан болған емес және қазіргі уақытта да жоқ. Мұндай жалған ақпаратты  еліміздің қаскүнемдері және арандатушылар таратады. Қазақстандықтардың жалған және лас арбауға назар аудармауын сұраймын!» деп жазды Лугмар Буларов Facebook-те.

Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқандарды іздеді және Қарағанды облысының полиция департаменті осы фактілер бойынша 2 адамды ұстады. 

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы 2025 жылғы 23-24 сәуірде Астанада өтеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар