«7 адам қаза тапты»: Ауғанстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігіне жетті
Фото: freepik.com
Бүгін, 3 қараша күні түнде Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 3 қараша күні Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан 1079 шақырым оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер асты дүмпуі Шымкент қаласында — 2 балл, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылында — 2 балл, Жетісай қаласы мен Шардара қаласында да — 2 балл болып сезілді.
Айта кетейік, Ауғанстанның солтүстігінде болған 6,3 балдық жер сілкінісі кемінде 7 адамның өмірін қиды. Тағы 150 адам жараланды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.
Дүмпу ошағы Мазари-Шариф қаласының маңында 28 шақырым тереңдікте тіркелді. Елді мекенде шамамен 523 мың адам тұрады. Табиғи апат үйлерді және жергілікті мешітті қиратқан. Құтқару қызметтері апаттың ауқымы мен жапа шеккендердің санын анықтап жатыр.
Еске салайық, SpaceX зымыраны Оңтүстік Кореяның бесінші тыңшы спутнигін орбитаға шығарды.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды
- Қырғызстанға оралған Қамшыбек Тәшиев тергеліп жатыр — дереккөз
- Трамп: Израиль енді Ирандағы «Оңтүстік Парс» кен орны нысандарына соққы жасамайды
- Екібастұз ресми түрде моноқала мәртебесінен шығарылды
- Наурыз көже: жеті дәмнің мәні мен ғасырлардан жеткен аңыздар
- Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге талап күшейді
- Хайп пен қылмыс: Қазақстанда блогерлерге қатысты бопсалау істері көбейді
- Ақтөбе облысында автобус жүргізушісі жолаушыларды бала-шағасымен қоса айдалаға тастап кеткен
- Атырауда бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты
- Қазақстанда халықтың қанша пайызы кедей? Статистика жарияланды
- Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасына халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Иранның барлау министрі Исмаил Хатиб қаза болды
- ҚазТАГ басылымының басшысы Әсет Матаев ұсталды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Тоқаевтың бейбітшілік қажет деген пікірін қолдайды
- Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды
- Белгілі блогерлер Жанабыловтардың сотында куәгерлік етеді
- Грин-карта алу тәртібі өзгерді: Қазақстандықтар нені білу керек?
- Иранда «Росатом» қызметкерлері жұмыс істейтін АЭС аумағына снаряд құлады