600 мың теңгелік торт: Кондитер мен танымал блогер арасындағы жанжал өршіді
Фото: Видеодан кадр
Кондитер Нұршат Ақбергенова белгілі блогер Әселина Батырға жасаған торты үшін ақы ала алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, тапсырыс беруші мерекелік шараға арналған 18 келілік торт үшін төлем жасамаған.
Нұршат Ақбергенованың сөзіне қарағанда, ол тортқа қажетті өнімдерді жеке қаржысынан сатып алып, 440 мың теңге жұмсаған. Жобамен төрт адам бір апта бойы жұмыс істеген.
«Тапсырыс беруші тортты алып кетті, бірақ бір апта бойы төлем жасаған жоқ. Кейін мені әлеуметтік желіде бұғаттады», — деді ол.
Кондитер өзін екі баланы жалғыз асырап отырғанын атап өтті.
Ал блогер Әселина бұл айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, торттың бағасы алдын ала келісілмеген. Ол 100 мың теңге алдын ала төлегенін, бірақ мереке өткеннен кейін 600 мың теңге көлемінде шот алғанын айтты.
«Бағаны тапсырыс алдында да, тортты алғанда да айтпады. Мен ең көп дегенде 300 мың теңге төлеуге дайын болдым. 600 мың теңгені алдын ала келіспей сұрау — дұрыс емес», — деді ол.
Сондай-ақ блогер бұл жағдайды «әлеуметтік желі арқылы қысым көрсету» деп бағалады. Қазір екі тарап та өз ұстанымдарын әлеуметтік желіде жариялап, көпшілікке үндеуде.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары осы жағдайға байланысты әзілдей бастады.




Жаңалықтар
- Түркістан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Павлодарда мердігерді қорқытып, ақша бопсалаған ҚТЖ-ның екі қызметкері 7 жылға сотталды
- Тоқаев үкіметті сынға алып, кадрлық шешім қабылдауға уәде берді
- Трамп Гренландия мен Канаданы АҚШ-қа қосып алған «әлемнің жаңа картасын» көрсетті
- Тоқаев Нұрайдың өлімінен кейін Шымкент полициясының жұмысына баға беруді тапсырды
- Конституциялық сот судьяларын президенттің ұсынуымен парламент бекітетін болады
- «Кәсібиліктің жоқтығы мен немқұрайлылық» — Тоқаев медсақтандыру қорындағы былықтар туралы айтты
- Президент алаяқтар мен жемқорлардың жымысқы әрекетін алдын алуды тапсырды
- Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады, екі ай ішінде президент сайлауы өткізіледі
- Елімізде жаңа билік органы — Халықтық кеңес құрылды
- Бірпалаталы парламентке «Құрылтай» деген атау беріледі — Тоқаев
- Тоқаев Құрылтай төрінде Самұрық-Қазына қорына сын айтты
- Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз бостандығы мен әйелдердің заң саласына араласу мәселесі көтерілді
- Қызылордада тарихи Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
- Түркістан облысында 6 және 8 жастағы қыздарды өгей әкесі жылдар бойы зорлап келген
- Белгілі әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті
- Молдова ТМД-дан шығу процесін бастады
- Ақмола облысында шахтада ер адам қаза тапты
- Теңіз бен Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
- Жаркентте баласын байлап сабаған әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғаны анықталды