«491,6 млн жымқырылған»: Әскерилерге үкім шықты

cover фото: Ашық дереккөзден

«Әскери құрылыс» АҚ экс-вице-президенті сотталды. 

Бұл туралы Антикор хабарлады.

Осы жылдың 5 тамызында әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әскерлерді жайластыру бас басқармасының, «Әскери құрылыс» АҚ лауазымды тұлғаларына, авторлық, техникалық қадағалау өкілдеріне және басқа да тұлғаларға қатысты үкім жариялады.

Алматы облысы Сарыөзек гарнизоны әскери қалашығындағы кәріз-тазарту құрылыстарын күрделі жөндеуге бөлінген 491,6 млн теңге жымқыруда «Әскери құрылыс» АҚ бұрынғы вице-президенті  А.Темірбаев, АҚ-нің учаске бастығы Т. Қабылтаев, компания басшысы Е. Ибрагимова, Авторлық және техникалық қадағалау өкілдері А. Дощанов және Д. Шайпранов, Қосалқы мердігерлік ұйымның басшысы Г. Газезов және оның сенімді адамы А. Омаров кінәлі деп танылды.

Олардыңң мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік сатып алуға байланысты қызметпен айналысуға 7 жыл мерзімге тыйым салумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

ӘЖББ бастығының бірінші орынбасары Б. Әбдірахманов, күрделі құрылыс басқармасының бастығы Қ.Онлабаев және осы басқарманың қызметкері Б. Лесбаев немқұрайлылығы үшін айыпты деп танылды.

Үкім заңды күшіне енді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар