4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады

cover Фото: CENTCOM

Ирактың батысында АҚШ-тың Boeing KC-135 Stratotanker жанармай құю ұшағы апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz. 

CENTCOM мәліметіне сәйкес, 12 наурыз күні сағат 14:00-де Ирактың батыс бөлігінде АҚШ-тың жанармай құюға арналған әскери ұшағы құлаған. Ұшақ бортында болған алты экипаж мүшесінің төртеуі қаза тапқаны расталды. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Алдын ала деректер бойынша, апат жау шабуылынан да, оқ атудан да болмаған. Оқиғаның нақты себептері әлі анықталып жатыр.

Қаза тапқан әскери қызметкерлердің аты-жөні жақын туыстарына хабар берілгенге дейін жарияланбайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар