3 күнде 20 адамның өмірі қыршынынан қиылды

cover

Қазақстанда демалыс күндері бес жол апаты орын алып, 20 адамның өмірін қиды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

18 маусым Маңғыстауда жол апатынан бір адам қаза болып, төртеуі ауруханаға жеткізілген.

19 маусым Алматыда Toyota және Audi маркалы екі автокөлік соғысып, 5 адам оқиға орнында мерт болды. Екі жолаушы ауруханада қайтыс болды.

19 маусым Ақтөбеде орта мектеп директорларының көлігі аударылып кеткен. Екі адам оқиға орнында көз жұмған. Ал екі адам ауруханаға жеткізілді.

20 маусым Түркістанда екі жеңіл көлік соғысып, жеті адам оқиға орнында көз жұмды. Бір адам жансақтау бөліміне түсті.

2020 жылы Қазақстанда 13 515 жол апаты тіркеліп, 1997 адам қайтыс болған. 2019 жылы көлік апатынан көз жұмғандар саны 2405 болған.

ҚР Бас прокуратурасы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар