29 тамыз — Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күн

cover

Осыдан 30 жыл бұрын 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Семей полигоны жабылды. Талай адамның тағдыры мен денсаулығына әсер еткен қасірет ошағының өшкеніне бүгін 30 жыл толып отыр.

Қазақстан бүкіл әлем алдында ядролық қарудан ерікті түрде  бас тартқан ел.

Осы тұста Базель бейбітшілік кеңсесінің басшысы  Алан Варе отандық телеарнаға берген сұхбатында Қазақстанның ядролық сынақтың кесірі бірнеше ұрпаққа тарайтынын дәлелдеген ел екендігін айтты.

— Осыдан 30 жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдеріне Семей ядролық полигонының жабылғанын жария етті. Бұл жаһан жұртына үлгі болған шешім, - деді ол.

Қазақстан бүкіл әлем алдында ядролық қарудан ерікті түрде  бас тартқан ел.

— Мен Семей ядролық полигонында болдым. Қазір ол жерде ядролық сынақтардың ізі қалмағанымен зардабы жергілікті университеттер мен ауруханаларда сақталған. Радиация салдарынан көптеген ауытқулар мен ауруға ұшыраған сәбилердің бейнесін сол жерден көре аласыздар. Қазақстан ядролық сынақтың кесірі бірнеше ұрпаққа тарайтынын дәлелдеп, бұл қаруды ешқашан, еш жерде қолданбауға шақыратын ел, - дейді Алан Варе.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар